Hello world!

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!

Posted in Uncategorized | 1 Comment

нығметтің ақысы

Жұма күні мешіттегі имамның уағызын тыңдайды. “Адам қолдағы нығметтерге қанша шүкір етсе де аз. Адам бір тышқан не болмаса қоқырсық ішінде жүретін шыбын-шіркей болып жаратылуы мүмкін еді. Бірақ Аллаһ оны ең керемет күйінде – Адам етіп жаратты. Қарап отырсаң, жасаған осыншама ғибадаттың бәрін қосып алғанның өзінде Адам болып жаратылудың, берілген нығметтің ешбірінің ақысына келмейді!” Имамның сөзін бөліп “мен кішкентайымнан жұма намаздарға қатысып жүрмін. Басқасын білмеймін, өзім Жәннатқа баратынымнан еш күмәнім жоқ!” дейді. Оған имам – “Құлшылық жасадым – ендігі орным Жәннатта деу дұрыс емес. Жәннат ғибадаттың ақысы емес, Аллаһтың ихсаны..”

Өз айтқанынан қайтпаған ол, мешіттен шығып үйге кетеді. Бірден бір тісі қатты ауырады. Барған сайын тіс ауруы өсе берді. Одан ары шыдауға мұрша болмай, дереу жақын арадағы тіс ауруханасына барады. Доғдырдың да жұма намазынан қайтып келген кезі екен. Мешіттегі адамды танып:

– Сізді емдеудің тек бір амалы бар – барлық ғибадаттарыңыздың сауабын маған бағыштайсыз – дейді.

Қарсы тұруға, басқа доғдырға кетуге еш мүмкіндігі жоқты. Амал жоқтығынан келісіп:
– Сіз тісімді емдесеңіз болды – не сұрасаңыз да беремін! – дейді.

Доғдыр:
– Имам рас айтқан екен. Көптеген нығметтерге немқұрайлы қараймыз. Бір өмірлік ғибадаттың сауабын бір ғана тіс ауруынан құтылу үшін бере салуға дайынбыз. Қалған тістердің саулығы үшін қанша ғибадат жасауымыз керегін есептеуге де келмейді. Ал Жәннатқа тұрарлық ғибадатты ше..

Тісі емделіп болып:
Расында да барлық ғибадаттарым Аллаһтың ертеректе берген нығметтің ақысы ғана. Келешекте берілетін нығметтер үшін қандай да болсын қызметім жеткіліксіз саналады. Жәннатқа жасаған құлшылық емес, Аллаһ рызалығының арқасында ғана жетуге болады. – дейді.

Posted in Иман | Leave a comment

дүниенің ең үлкен қазынасы

Ерте ерте ертеде Иранның кішкентай бір қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: “Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік. Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Кезінде оны маған бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған. Оны оқитын менің уақытым болмады. Бірақ сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай болуың керексің!”

Анасының жаназасынан кейін баласы аманат еткен үлкен ескі кітапты қолына алып оқи бастайды. Кітаптың бірінші беттерінде былай жазылған екен “Қазынаға жету үшін кітаптың әрбір бетін кезек кезегімен оқыңыз. Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз. Егер де соңында не бар екен деп, дереу кітаптың соңғы бетіне өтер болсаңыз – кітапқа сиқырлы күш еніп кітап өз-өзінен жоқ болады. Содан кейін қазынаға ешқашан жете алмайсыз.” Осындай кіріспеден кейін бір елді-мекенде сақталған үлкен қазына туралы айтылады. Қазына жатқан үңгір жақсы қорғалуда мыс.

Кітаптың бірінші беттері Парысша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен. Өзін қазірден бай сезінген жас жігіт, бұл құнды кітап туралы басқа біреу біліп қоймасын, өзінен басқасы қазынаға жете алмасын деп арапша жазылғандарды аудартуға қимайды. Содан кітапты ары қарай оқу үшін араб тілін меңгеру керек болды оған. Араб тілін үйреніп, кітапта жазылғандарды жақсы түсініп оқиды. Білгілі бір жерден бастап кітап араб тілінде емес, қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Жас жігіт бар ынта мен жігерін қосып кітап қай тілде жазылса, сол тілдердің бәрін меңгереді. Көп тілдерді меңгергені арқасында қаланың ең жақсы аудармашысы атанады. Өмірі реттеле бастайды.

Көп тілді беттерден кейін кітапта қазынаның қалай жұмсалу керектігі жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді. Сонымен қоса, қазынадағы асыл тастар мен гауһарлар туралы ғылымды да оқиды. Оқып үйренгендердің бәрін теориядан тәжірибеге еңгізіп жүреді. Оның көп тілді, көп саладан теңдесі жоқ маман екені сол елдің патшасының құлағына да жетеді. Патша жігітті қасына шақыртып, жақсы қызметке тағайындайды. Ұзын алғысөзден кейін кітап негізгіге өтеді: үңгірдегі үлкен есік қалай жасалғаны жайлы, бұрандалары қалай құрылғаны жайлы, үңгірге жету үшін не жасалыну керегі жайлы баяндалады.

Осы құпияларды басқа ешкіммен бөліскісі келмейтін жесір әйелдің баласы сол елдің ең білгір, ең оқыған адамы болады. Тіпті кейіннен қаланың сәулетін көркейтетін болады. Патша жігіттің біліміне тамсанып, өз сарайының сәулетшісі ал кейін өзіне ең жақын уәзірі қызметіне тағайындайды. Расында да сол елде сол жігіттен артық білімге жақын бірде-бір адам табылмайды. Осылай жүріп жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы бетін ауыстырғанда бір-ақ сөйлем жазылғанын көреді: “Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!”

Posted in Бүгіннің қадірін біл | Leave a comment

тәккаппарлықтың емі

Халиф Әз.Омар бір күні сыртына үлкен әрі ауыр кір қапты арқалап Мәдинаның ең үлкен көшелерімен бүгіліп бара жатады. Оны көрген ұлы Абдуллаһ жүгіріп келіп:
– Әке, мұныңыз қалай? Халиф деген атауыңыз бар, қапты көтеретін адам таппадыңыз ба?
– Балам, қапты көтеретін адам таппай қалғанымнан емес. Бір мезетке нәпсімнің тәккәппарлығы бой беріп, өзін өзгеден жоғары көргенін сезіп қалдым, соны қайта жерге түсіру үшін осылай істеуім керек болды, – дейді.

Posted in Иман | Leave a comment

сөзсіз диалог

Бір диқан ксендзуға келіп шіркеуге тиесілі жерді жалға беруін сұрайды.
– Бұл жер қараусыз, – дейді диқан, – менің болса үлкен отбасым бар.
Ксендз біраз ойланып.
– Жарайды, – дейді, – жалға берейін. Бірақ алдыменен бәстелесейік. Жеңсен – жер сенікі.
– Қалай сонда? – түсінбейді диқан.
– Сөзсіз әңгімелесіп, – деді ксендз – бірбірімізді түсінуге тырысайық.
Сүйтіп ксендз диқанға саусақ көрсетеді. Диқан көп ойланбай екі саусақ көрсетеді.
Ксендз аң-таң. “Қарай гөр мұны, қандай дана жауап қайтарды. Оған Құдай жалғыз деп едім, дүние екілік дегені дұрыс екен”. Бұл жолы ксендз қалтасынан алма шығарады.
“Дүние – жаннат”, – мағынасында. Диқан сөмкесінен пиязды шығарып алманың қасына қояды. “Дегенмен көз жасы да көп”, – іспетті жауап бергендей болады.
– Уау! – таңқалады ксендз. – Жер сенікі. Ала бер!
Диқан үйге қуанып қайтады.
– Не болды? – сұрайды әйелі – Жерді ала алдың ба?
– Иә, – дейді диқан, – бәстелесіп едік, жерді ұтып алдым.
– Қалайша? – таңқалады әйелі.
– Онымен сөзбен емес, ишаратпен әңгімелестік – Алдыменен ол маған бір саусақ көрсетті, яғни: “Көзіңді шұқып аламын” дегені ғой. Мен абыржымай оған екі саусақ көрсеттім: “Мен екі көзіңді шұқып аламын” мағынасында. Ол таңқалды да алма шығарып көрсетті, оны “Бұл менің асым” деп түсіндім. Мен өз кезегімде пиязды шығарып:
“Сенің асың алма болса, менің асым – пияз” дедім. Осыдан кейін ол жерді бере салды.

Posted in Баһралы жауаптар | Leave a comment

сыйлық

Глория мен Марк танысып үйленетіндерін шешкен кезде әлі жас студент болатын. Екі жақтың да туыстары өте кедей. Жастарға “үйлену тойларыңа ешқандай көмек көрсете алмаймыз” десе де, жастар айтқандарынан қайтпайды. Глория сабақтан тыс уақытта бір кітапханаға жұмысқа кірсе, Марк бір киім дүкеніне орналасады. Жинаған ақшаларына кішкентай болса да үй жалдап, бақытты отбасы құруды армандайтын. Бір екі айда неке қиып, бір бөлмелі, терезелері кіп-кішкентай бір пәтер жалдайды. Достарының біреуі үстел, тағы басқасы орындық әкеліп жаңадан құрылған жанұяға көмектеседі. Демалыс күні қаланың сыртындағы арзан базарға барып, қалған ақшаларына кішкентай қазан, алаша мен бірнеше ыдыс сатып алады.
– Перде ше! Алуымыз керек қой?! деді Глория. Марк біраз ойланып…
– Ескі газеттер бар ма? неге олардан перде жасамасқа?
Марктың тапқырлығына екеуі де күледі. Кейін,
– Әрбір нүкте үтіріне дейін жаттап алдық. Перделерімізді ауыстыратын уақыт келіп қалды-ау,- деп бір-бірімен әзілдесетін.

Үйленгендеріне бір жыл толғанда, кішігірім мерейтойларында Глория Маркқа не сыйласам екен деп қатты ойланады. Марктың атасынан мұра қалған сағатты есіне түсіреді. Ол сағат Марк үшін өте қымбат естелік екенін біледі. Сағатқа ылайықты әдемі бір бау сатып алуды шешеді. Марк сыйлығын ұнататынына сенімді түрде жақын жердегі дүкенге барады.
– Ең әдемі сағат бауларын көрсетіңізші. Ең әдемісі керек.
– 68 цент.
– (біреуін таңдап) Мен үшін осыны қалдыра салыңызшы, бір сағаттың ішінде келіп сатып аламын. Сатушы кісі жарайды деп басын изеді. Глория дүкеннен атып шығып, жақын маңайдағы шаштаразға кіреді.
– Шаштарымды кестіріп сатқым келеді. Қаншаға аласыз?
– .. шаштарыңыз… өте әдемі.. қалай ғана қиясыз..?
– Ақшаға тапшы болып тұрмын. Көмектесе аласыз ба?
– Жарайды ондай болса. Шаштарыңыз үшін қанша сұрап тұрсыз?
– Жетпіс цент көлемінде…
Шаштарын кестіреді. Ақшасын алып, дүкенге қайтып ұнатқан сағат бауын сатып алады. Маркты қуантатын жақсы бір сыйлық алғанына риза болады. Үйге келісімен, дастархан жайып, қолынан келгенше оны сәндеп қояды. Марк келгенде, қалған екі центке алынған шамдарды жағып қойып, жолдасының алдынан шығады. Глорияны көрген Марк не айтарын білмей, есік алдында тұрып қалады.
– Қош келдің! дейді Глория. Марк көргеніне сенер сенбесін білмей, үйге кіріп үстелдің қасындағы орындыққа жығылады.
– шаштарың!… не істеп қойдың?
Глория күлімдеп қойып:
– несі бар?… жараспады ма не!… Түү, ертең ақ ұзарады емес пе… деп өз сыйлығын жолдасына беріп:
– Мерейтойларымызбен, Марк! Сені кездестіргенім үшін сондай бақыттымын- дейді.
Марк дірілдеген саусақтармен сыйлықтың сыртын ашады. Қарапайым бір қораптың ішінде жатқан сағат бауына ұзақ-ұзақ қарайды. Басын көтеріп, әйелінің бетіне қарағанда көздері жасаурап тұрады.
– Марк, не болды? … неге жылап тұрсын?… не болып қалды?
Марк қалтасынан әдемі қағазға оралған сыйлығын шығарып, Глорияға созады. Глория жолдасының да бұл күнді ұмытпағанын көріп қуанса, Марк мұңайып үндемей тұрады. Сыйлығын ашып қараса – әдемі оралған қораптың ішінде шашқа қыстыратын піл сүйегінен жасалған қымбат екі түйреуіш жатыр. Глория жолдасының мұңын енді түсінеді.
Өмірімде мен алған ең әдемі сыйлық! Өте әдемі! мен үшін ең қымбат! Шаш кестіргеніме қарама, олар тез өседі. Сыйлығыңды сол кезде қолданамын. Рахмет саған! Сыйлығың өте ұнады! Енді мұңайма жаным..
– Саған осы түйреуіштерді алу үшін сағатымды сатқан едім
, Глория.

Posted in Сезім | 2 Comments

артыңдағылардың шамы

Бай бір кісі көзі тірісінде жасалыну керек ғибадаттарды жасамай, мен жасамасам да артымнан балаларым жасаған ізгі амалдардың сауабы маған жетеді деп жүреді. Сол кісі бір күні түс көреді. Түсінде тас қараңғы бір жолда келе жатыр екен. Балалары да артынан шам көтеріп жүр екен. Шам балалардың қолында болғаны үшін, әлгі кісінің жолына жарық толық түспей тұрады. Алдын дұрыстап көре алмай қалғаннан шаршаған әлгі біреу балаларына:
– Түүй, мына бір шамды алға қарай ұстасаңшы. Сендердікіндей менің де жолым жарық болсын.
Баласының жауабы қысқа әрі нұсқа болды:
– Әке, артыңыздағы шам сәулесі тек осыншалықты ғана жарық бере алады.
Сол түсінен кейін есін жинаған кісі, өзінен кейін біреудің жасаған жақсылығына үміт артудан бас тартып, ғибадат пен жақсылықтарды өзі жасауға тырысады.

Posted in Бүгіннің қадірін біл | Leave a comment