40 жасындасың

алғысөз: Мәуліт мерекесіне орай достар жиналып Пайғамбарымыз /с.ғ.с/ туралы бір шығарманы аударуға ниеттенді. Шумақтар аударылды, бірақ аударма өздеріне түсінікті болғанымен жұртқа да түсінікті бола қояр ма екен? Ақылдасып, ақындық қабілеті бар таныстан жырды түзетуді сұрау ойға келді. Ол кісі жырды төмендегідей әп-әдемі қылып түзетіп үлгерді. Пайғамбарымызға /с.ғ.с/ деген сүйіспеншіліктен туған бұл жыр осылай пайда болды.

Үміт етіп шапағатың, күнә басқан тілменен…
Жанарымды жуып жасым, сезінейін жүрекпен
Ғұмырыңды, Расулаллаһ, білу міндет біздерге
Үлгі ғибрат, өнеге ғой, рахым болған өмірің

Жеттің міне бір жасқа да, асыраушың Сағд руы
Табылмады сүт ана да, жоқшылық боп зәруі
Қынжылар ед бұл жағдайдан, көкте жүзген бұлттар да
Себебі-ау, жауын жаумай, жерде жұттың болуы

Растағандай елшілігің, жүрді бір бұлт соңыңнан
Аптап ыстық өтпесін деп, тостырмады жолыңнан

Жаңбыр тілеп бар жұртшылық, қолын созды көктерге
Халима жан қолына алып, сол маңайға беттеуде
Үміт үзген жүдеу халық назар салып көзіңе
Жаңбырдан да, дұғадан да үміттерін үзгенде)
Сен үзбедің үмітіңді, жанарыңмен сәбилік
Көкке қарап, бір тамсандың, болса дағы ол биік
Шыдай алмай себеледі, жаңбыр жауып көл көсір
Аспандардан нұр төгілді, болып ризық, шөл тыйып
Қайдан келді бұл жауын?,-деп болды аң-таң барша жұрт
Оңай есін жия алсын ба, қинаған-ды қатты жұт
Жас сәбидің дұғасы деп ойлап па ел, білмеді
Асыр салып қуанды ел, күндіз түні думан қып

Келген кезде алты жасқа, ертті анаң сапарға,
Умәйма да бірге ілесті, серік болып қаларға
Әкетайдың жоқтығынан сезген кезде жетімдік,
Абуада қайтыс болды, жалғыз тірек анаң да!

Жетім қалып, сапарыңнан келген кезде Меккеге
Абдімүтәліп болды қамқор, жан қақтырмай бөтенге
Абутәліп еркелетіп, жақсы көрді шын жүрек
Сірә, ондай қамқор жандар болмас мүлдем шын керек

Келдің міне жиырма беске, таныттың бір өзгелік
Жұпар иісің, әсем даусың, жіберіпті өзгертіп
Сөзің шындық, айналаңда жүрер әркез қалың ел
Атады ел “Әмин жан” деп, дәрежеңді көтеріп

Жасың міне отыз бесте, күткізбе біз асықпыз
Елшілікті күткен жанбыз, надандықтан қашып біз
Сабырсыздық бойды билеп, таппай тыным бірер сәт
Нұр тауына шақыру бар, көтере алар тек бір Сен

Міне қырық жасындасын, мекен еттің Нұр тауын
Көктен түсіп Жәбрәйіл әкеліп еді уахиды
Салауаттар жан-жақтағы айтылады өзіңе
Пайғамбарлық жүктеп кетті, болғаннан соң сен дайын

Ғаламшардың жүрегінен ағып түскен нұры сен!
Қараңғылық сейілтер бір, жарық нұры болдың сен!
Нәбиуллаһ, Хабибуллаһ, Расулуллаһ болғаның
Салауаттар болсын саған, екі дүние сардары!

Қалай ғана ренжітті екен, надан жұрттыр өзіңді.
Зұлымдық қалай барды, ету қиын төзімді.
Өлді міне Әбуталіп деп жатыр ма жабылып?!
Қамқоршы жан болмаған соң, елемей ме сөзіңді?!

Қағбадағы жас төккен бір сәттерің келед көзіме
Құлақ асам, дұға етіп, жалбарынған сөзіңе
Харемдағы намаз қылған сәтің менің жадымда
Көкірегі көр болғандар қалай күлді сол кезде?!

Жанұшырып, бір жақсы жан келе жатыр асығып,
Бұл кім? деген сұрақ туды, бірер жандар сұрасып
Бұл Мұхаммед қызы еді, Фатима жан, айбарлы!
Нұрлы жүзін әкесінің сүртіп, жылап, қаймығып!

“Жылама қыз”,- деген сөзің келеді көз алдыма
Бұдан артық сабырлылық жер бетінде қалды ма?!
Мекен еткен, отан еткен еліңнен алыс қуғанда.
Қалай ғана дәті барды, қол жұмсауға жабыла?!

Қамқоршың жоқ деп сенің, неге қысқа ойлады?
Жетім болып, қиналғанда қамқорлыққа кім алды?
Мазақ қылып, азап қылып, жүрген озбыр бұл жандар
Білмей ме олар, әлемдерге сені мейірім қылғанды ?

Иман кірмей жүрегіне адасқандар сөйледі,
Есі ауысқан, есуас деп, айтқан сөзге көнбеді
Саған “мәжнүн” деп, “ақын” деп айтты түрлі жамандық
Үндемедің, сабыр сақтап, иманың тұр шыңдалып

Дегенінде “Қолымыздан құтқарады сені кім?
“Аллаһ” дедің, иманыңа тағылмады ешбір мін
“Аллаһ ұлы жаратушы”-дедің саспай: “Құдірет”
Құдіретті Аллаһыма қарсы болар енді кім?!

Шайқас болды Бәдірде бір, дұға еттің “Аллаһ” деп,
Үш мың әскер періштелер, көмек берді көктен кеп.
Сахабалар ұлы тұтқан, сені әркез қастерлеп
“Әке-шешем құрбан болсын, бір жолыңда сенің” деп

Мәдинаға бет алғанда Нәжжәр халқы болды шат,
Жақсы көріп өзіңізді, десті бірге “Келді хақ”.
Мені жақсы көресің бе? деп сұрадың олардан
“Сені қатты сүйеміз біз, Хабибулла”, боп жауап

Болды сөзің “Аллаһ куә, менде сүйем сендерді”
Бұл сөзіңе бүгінгі жас шын көңілмен мән берді
Бұл заманда өзіңді сүйер жастар баршылық
Нәжжар елі болмаса да, ұқсап бағып, іс қылып

Көз жастары болар белгі, жақсы көред өзіңді
Жандарынан артық көріп, биік тұтар сөзіңді

Келгеніңде алпыс үшке, ауру қысты бір қиын,
Қара шапан өзіңізге, тігіп берді бек киім
Шет-шеттерін ақпен аптап, сәнді болған бұл шапан
Қызығып бір достарыңа, шықтың киіп сол киім.

“Неткен жақсы, әдемі ғой” деп тамсанып оларға
Ұнағанын саған көріп, біреу шықта бұларға
Сұраған қол бос қайтармас екеніңді білген ол
“Бересің ба маған мұны?”, дәті барды сұрауға

Келісімге тәуекел деп, бердің шапан әлгіге,
Өзің қалдың ескі шапан, тозығы жеткен киімде
Ауру күштеп, досыңмен бір қауышуға қалды апта
Тігілді шапан, әп әдемі, болмады нәсіп киюге

“Мені көрмей иман еткен бауырларды көрсем ғой
Деген сөзің жетті Анастан, сағынышың салып ой…

Иа, Расулаллах сен 40 жасыңдасың үмметіңнің қасындасың

This entry was posted in Иман. Bookmark the permalink.

Leave a comment